×

Шымкентте ер адамнан аса ірі көлемде георин тәркіленді

Күдікті қамауға алынды

 Динара Амантай 12.05.2023 | 13:29
Фото: polisia.kz

Шымкент полицейлері тұрғыннан аса ірі көлемде героин тапты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, қала аумағында рейдтік іс-шаралар жүргізу барысында кешкі уақытта Еңбекші ауданының аумағындағы қараусыз қалған ғимараттың ішінде жүрген ер адам полицейлердің күдігін тудырған. Тәртіп сақшыларының жақындағанын байқаған ол ғимараттан шығуға асыққан, алайда сол мезетте ұсталды.

Тексеру барысында полицейлер оның сөмкесінен есірткі салынған 4 полиэтилен пакет тапты. Оның бірінен бірреттік дозасы бар ұнтақ салынған 49 қаптама табылды. Жедел уәкілдер ұсталған адамның тұрғылықты жерін анықтап, тінту жұмыстарын жүргізді. Ер адамның үйінен 2 пластикалық контейнер мен ұнтақты есірткі заттары салынған бір пакет, сондай-ақ олардың салмағын өлшеуге арналған таразы табылып, тәркіленді.

Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 70 грамнан асатын героин және марихуана екені анықталды.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігімен («Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу») бойынша тіркелді. Күдікті қамауға алынды.

Оның бұған дейін де осыған ұқсас қылмысы үшін сотталғаны белгілі болды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама