×

Шымкентте 18 жүк вагоны аударылып қалды

Аударылған вагондардың 17-сі бос болған

 Халық үні 11.05.2023 | 21:52
фото: ТЖД

Шымкентте 18 жүк вагоны рельстен шығып кетті, деп хабарлайды Halyq Uni. 

Шымкент қаласы ТЖД мәліметінше,«Шымкент-Арыс» пойызының 18 жүк вагоны «Игілік-Бадам» теміржол учаскесінде рельстен шығып кетті.

Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ.

Рельстен шығу салдарынан 11 электр желісі бағаны, сонымен қатар теміржол төсемінің кейбір жері зақымдалды. Вагондар рельстен шығып кеткендіктен, аталған станцияда «Алматы-Маңғыстау» бағытындағы №77 жолаушылар пойызы 1 сағат 15 минутқа кешіктірілді, - делінген Шымкент қалалық ТЖД таратқан ақпаратта.

Қазір пойыздар қалыпты режимде жүріп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама