×

Халықаралық көрмеде Қазақстанда жасалған жедел жәрдем көлігі таныстырылды

Биылғы көрмеге 200-ге жуық отандық және шетелдік компания қатысып жатыр

 Динара Амантай 11.05.2023 | 17:20
Фото: t.me/KZgovernment

Премьер-министр Әлихан Смайылов Астанада өтіп жатқан «Kazakhstan Machinery Fair 2023» III Халықаралық мамандандырылған көрмесінде отандық машина жасау өнімдерінің жаңа түрлерімен және саланың заманауи технологиялық шешімдерімен танысты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Биылғы көрмеге 200-ге жуық отандық және шетелдік компания қатысып жатыр. Әлихан Смайыловқа Қазақстанда Hyundai Staria үлгісінде шығарылған медициналық жедел жәрдем көлігі таныстырылды. Ол қуатты қозғалтқышпен және әлемдегі жетекші өндірушілердің заманауи жабдықтарымен қамтылған. Салонының кеңдігіне қарамастан, көлік халық тығыз орналасқан аудандар мен тар аулаларда еркін қозғала алады.

Сондай-ақ көрмеге «Қостанай трактор зауыты» ЖШС-ның Кировец К-742 тракторы, Lovol және Deutz Fahr тракторлары, сондай-ақ «Агромашхолдинг KZ» АҚ-ның Essil комбайндары, «СемАЗ» ЖШС-ның Jinma тракторы және басқа да ауыл шаруашылығы техникасының әртүрлі үлгілері қойылды.

Премьер-министр отандық машина жасау саласын одан әрі дамыту үшін Үкімет тиісті қолдау шараларын жалғастыратынын баса айтты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама