×

Павлодар облысында полиция капитаны жасөспірімді ажалдан құтқарды

Тәртіп сақшысы отқа оранған үйден ересек баланы алып шыққан

 Дастан Жұмабекұлы 11.05.2023 | 14:23
Фото: pavlodarnews.kz

Павлодар облысының Тереңкөл ауданында полиция капитаны Қуаныш Жаябаевтың өртеніп жатқан үйден жасөспірімді алып шықты.

Рavlodarnews.kz-тің хабарлауынша, 10 мамырда сағат 18:04-те №8 өрт сөндіру бөліміне Федоровка ауылында тұрғын үйдің жанып жатқаны туралы хабарлама түскен. 

Шақыру орнына №8 өрт сөндіру бөлімінің күштері мен құралдары жіберілген. Өрт сөндіру бөлімшесі келгенге дейін Тереңкөл ауданы полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Қуаныш Жаябаев отқа оранып жатқан үйден жасөспірімді алып шығып, ажалдан құтқарған.

Оқиға орнына келгенде үйдің өртеніп жатқанын байқадым. Дереу ойланбастан отқа оранған үйге кіріп, бөлмелердің бірінен 14 жастағы баланы көрдім. Бірден оны сыртқа шығаруға асықтым. Алайда шығатын жол көрінбеді. Өйткені үйдің ішін қалың түтін басқан еді, – деді Қуаныш Жаябаев.

Дегенмен қиын жағдайға қарамастан, полиция капитаны жасөспірімді сыртқа алып шыққан. 

Айта кетсек, Қуаныш Жаябаев 2015 жылдан бастап ішкі істер органдарында жұмыс істейді. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама