×

Бокстан ӘЧ: Қоңқабаев-Жалолов жекпе-жегі күтпеген нәтижемен аяқталды

Әлем чемпионатының ширек финалында Қамшыбек Қоңқабаев (92 келіден жоғары) жарыс жолынан шығып қалды

 Халық үні 10.05.2023 | 23:27
Фото: allboxing.ru

Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының ширек финалында Қамшыбек Қоңқабаев (92 келіден жоғары) жарыс жолынан шығып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қамшыбек –  ел құрамасындағы тәжірибелі боксшылардың бірі.

Оның қарсыласы –  өзбекстандық Баходир Жалолов. Олар бұдан бұрын бірнеше мәрте кездескен еді. Басым бөлігінде өзбекстандық боксшы жеңіске жеткен болатын.

2019 жылы әлем чемпионатында Қамшыбек финалда аталған қарсыласына есе жіберіп, күміс жүлдені қанағат тұтқан еді. Ал 2020 жылғы Токио Олимпиадасында Баходир –  алтын, Қамшыбек қола медаль алды.

Боксшылар алғашқы екі раундта бір-біріне қарсы шабуылға шықты. Десе де, сақтық жасауды да ұмытқан жоқ. Қолайлы сәтте соққы жұмсап, ұпай алуға күш салды. Екі раундта да төрешілер өзбек боксшысына оң көз танытты.

Үшінші раундта Қамшыбек басымдығын арттыра түсті. Қарсыласына бірнеше соққы жасап үлгерді. Алайда, бұл жеңіске жетуіне пайдасын тигізген жоқ. Нәтижесінде Б.Жалолов жартылай финалға жолдама алды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама