×

Алматы облысында тұтас бір отбасы уланып қалды

Төрт бала мен олардың әкесі қайтыс болды

 Дастан Жұмабекұлы 10.05.2023 | 09:58
фото: ашық дереккөз

Алматы облысының Көлашы ауылында тұтас бір отбасы уланып қалды. Соның кесірінен ауыл тұрғыны мен оның 4 баласы қайтыс болды.

Алматы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, қайғылы жағдай 4 мамыр күні болған.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментіне 2 ересек адам мен 4 баланың уланып қалғаны туралы ақпарат келіп түскен. Хабарламадан белгілі болғандай, 1984 жылы туған ер адам мен оның 4 баласы (2010 жылы туған қызы және 2008, 2013, 2018 жылдары туған ұлдары) белгісіз заттан уланып, қайтыс болған.

Ал 1985 жылы туған әйел ауруханаға түсті. Қазір оның жағдайы қалыпша. Онымен психологтар жұмыс істеп жатыр.

Ал облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, тергеудің толықтығы үшін оқиға орнына Алматы облысының ТЖД зерттеу сынақ зертханасы, Газ қызметі және СЭҚ шақырылған. Енді түпкілікті шешім тағайындалған сараптамалық тексерулердің нәтижелері бойынша қабылданады. Алдын ала мәліметтер бойынша, зардап шеккендер көміртегі тотығымен уланған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама