×

Жетісу облысында газ таситын көлік аударылды

Үйлесімді шаралардың арқасында қаза тапқан және зардап шеккен адамдар болған жоқ

 Динара Амантай 10.05.2023 | 09:15
Фото: Жетісу обл. ТЖД баспасөз қызметі

Кеше Жетісу облысының Көксу ауданы Жарлыөзек ауылында бөшкесінде пропан газы бар машина аударылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға орнына жедел түрде ТЖМ Жетісу облысындағы бөлімшелері мен мүдделі ұйымдар жіберілген.

Автомобиль автокранның көмегімен тұрғызылды. Бұл ретте барлық көтеру процесі төтенше жағдайлар қызметкерлерінің бақылауында болды. Балпық би ауылы №4 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушілері пропан газымен толтырылған цистернаны көтеру барысында ұшқын пайда болмас үшін оған көбік шашып тұрды. Бұл қауіпті ұшқындардың пайда болуына және тиісінше автомобиль цистернасының жарылуына жол бермеді. Үйлесімді шаралардың арқасында қаза тапқан және зардап шеккен адамдар болған жоқ.

Ведомство өкілдері азаматтарға газбен және басқа да жарылу-өрт қауіпті заттармен жұмыс істеу кезінде аса сақ болуға кеңес береді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама