×

Көкшетауда 14 жастағы қыз тұрғын үйдің шатырынан секірмек болды

Полиция жасөспірімнің мұндай әркетке бару себебін анықтап жатыр

 Халық үні 09.05.2023 | 23:44
фото: ПД

Көкшетауда тәртіп сақшылары көпқабатты тұрғын үйдің шатырынан секірмек болған жасөспірім қызды құтқарып қалды, деп хабарлайды Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметі. 

Ведомствоның мәліметінше, бұл туралы бүгін мамырдың 9-да сағат 16:10 шамасында жедел басқару орталығына хабарланған. Қоңырау шалған адамның айтуынша, танысы Абай көшесі, 135 мекен жайындағы көпқабатты үйдің төбесіне секірмек болып көтерілген.

«Шақыру орнына патрульдік полиция қызметкерлері Бейбіт Садықов пен Әділхан Қойбағар бағытталды. Сол маңдағы полиция бекетінде болған тәртіп сақшысы Нариман Нұржаксин бірінші болып жетті. Тәртіп сақшылары 12-қабатқа жоғары көтеріліп, үйдің шатырында тұрған қызды райынан қайтарып, төмен түсірді», - деді ведомстводан.

Қазіргі кезде, полиция 2009 жылғы жасөспірімнің мұндай әркетке бару себебін анықтап жатыр.

Айта кетсек, бұдан бұрын Ақмола облысында тоқ соққан жұмысшының өліміне байланысты іс қозғалғанын жазған едік.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама