×

Нұрқанат Райыс бокстан әлем чемпионатының ширек финалына жолдама алды

Боксшымыз бірінші раундта нокдаун алды

 Халық үні 07.05.2023 | 20:46
фото: inform.kz

Ташкент қаласында ерлер арасында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында Нұрқанат Райыс ширек финалға жолдама алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Қазақстандық боксшы 75 келіге дейінгі салмақта 1/8 финалда доминикандық Дельгадо де лос Сантоспен шеберлік байқасты.

Нұрқанат Райыс бірінші раундта нокдаун алғанына қарамастан, төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңіске жетті.

Осылайша, Нұрқанат алғашқы жекпе-жегін сәтті өткізді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама