×

Көкшетауда тағы бір жұмысшыны тоқ соқты

Жас жігіттің жергілікті бір кәсіпорында жұмыс істегені анықталды

 Динара Амантай 04.05.2023 | 15:21
Фото: ktk.kz

Ақмола облысында жұмысшының қаза табу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 30 сәуірде Көкшетау қаласының полиция басқармасына Тәшенов – Уәлиханов көшелерінің қиылысында құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде жұмысшыны тоқ соққандығы туралы телефон арқылы хабарлама келіп түскен. Көкшетау қаласының 20 жастағы тұрғыны оқиға орнында қайтыс болды. Жас жігіттің жергілікті бір кәсіпорында жұмыс істегені анықталды.

Осы дерекке қатысты полиция бөлімі ҚР ҚК 156-бабының 3-бөлігі («Еңбекті қорғау ережелерін бұзу») бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Қайғылы оқиғаның барлық жағдайы анықталып жатыр.

Еске сала кетсек, бұған дейін 21 сәуірде Зеренді ауданы ауылдарының бірінде Көкшетау қаласының 55 жастағы тұрғынын тоқ соғып, салдарынан жұмысшы оқиға орнында қайтыс болған еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама