×

Астанада полиция жоғалған қызды 10 минутта тапты

Балалар бірін-бірі таба алмай қалған

 Дәурен Ерболат 04.05.2023 | 09:43
Sputnik / Владислав Воднев

Елордада полицейлер жоғалған баланы 10 минутта тапты, деп хабарлады Polisia.kz.

Қалалық ПД мамандырылған батальон қызметінің аға инспекторы Ілияс Досаев Мұқағали Мақатаев көшесінің бойында кезекшілікте болған.

Оған інісімен бірге кішкентай қыз жүгіріп келіп, 11 жастағы әпкесін жоғалтып алғанын айтып, көмек сұраған.

Полицей балалардан қыз туралы мәлімет алып, кезекші бөлімге бағыт-бағдар беріп, баланы іздеуге кірісті.

Жедел шаралардың арқасында тәртіп сақшылары қызды 10 минутта тапты.

Полиция 3 баланың велосипедпен серуенге шыққанын анықтаған.

Олар орындықта отырған әжесіне ұялы телефондарын қалдырған. Содан кейін жағалауды жағалай жүріп, екі жаққа кетіп, бірін-бірі таба алмай қалған. Полиция балалардың әжесімен профилактикалық әңгіме жүргізді. Әжей полицейге алғысын айтты, - деп жазылған хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама