×

ПСЖ клубы Лионель Мессиге ескерту жасады

Аргентиналық футболшы екі жұмаға төленетін айлығынан айырылды

 Дастан Жұмабекұлы 03.05.2023 | 10:46
фото: ашық дереккөз

Аргентина ұлттық құрамасының шабуылшысы Лионель Месси «Пари Сен-Жермен» клубының басшылығына ескертпей, өз еркімен Сауд Арабиясына барғаны үшін екі аптаға ойындардан шеттетілді.

Сонымен бірге, Лионель Месси жаттығудан да аластатылып, екі жұмаға төленетін айлығынан қағылды.

Енді аргентиналық футболшы Франция чемпионатындағы «Труа» (7 мамыр) мен «Аяччо» (13 мамыр) командаларына қарсы ойынға қатыспайды.

Қазір Месси – 35 жаста. Ол «ПСЖ» клубына келгелі бері 37 матч өткізіп, 20 гол салып, 19 нәтижелі пас берді. 2021 жылдан бері ол Париж қаласы командасының құрамында Францияның чемпионы болып, Суперкубоктың иегері атанды.

«ПСЖ» клубы Франция чемпионатында 75 ұпаймен 1-орында келеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама