×

«3 баласының мәйітінің суретін әйеліне жіберген»: Ақтаудағы сұмдық жайтқа қатысты анасы мәлімдеме жасады

Ер адам Сириядан «Жусан» операциясы арқылы елге оралғандығы анықталып отыр

 Халық үні 03.05.2023 | 06:30
Фото: Маңғыстау облысы ПД

Ақтауда кәмелет жасына толмаған 3 баласын өлтірген 37 жастағы ер адамға қатысты тың деректер «Көреміз» бағдарламасында айтылды. 

Бұған дейін  күдіктінің жат ағымның жетегінде екендігі туралы деректер желіде тарады. Қазіргі таңда Жәнібек Есеновтың  Сириядан «Жусан» операциясы арқылы елге оралғандығы анықталып отыр.
Жәнібек үш баласын өз қолымен пышақпен бауыздап өлтірген. Содан кейін мәйіттердің суретін әйеліне жіберген.

Көршілері әкесі қысқа балақты шалбар киіп, анасы бетін толықтай бүркеп, ешкіммен  сөйлеспейтін, тұйық адамдар болғанын айтады.

Сұмдық жағдайдан кейін үш баласынан айырылған Айдана журналистерге болған жағдайға байланысты пікір білдірді.

«Мен ешкімнің алдында ақталмаймын. Намаз оқитыным рас. Бәрі «вахабис» дейді. Айта берсін. Маған бәрібір. Мен ешкімнің аузына қақпақ болмаймын. Өз ісіме жауап беремін. Болды.Балалар Аллаһқа қайтты. Сол адамның себебімен Аллаһқа қайтты. Болды», — деді марқұм үш баланың анасы. 

Жәнібектің жат ағымның жетегінде кеткенін жақындары мен көршілері растап отыр. Таныстарының айтуынша, олардың ұстанымдары бөлек, үнемі балалары да, әйелі де тұмшаланып жүреді.

Полиция қызметкерлері де, Жәнібектің «Жусан» операциясымен келгенін растады. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама