×

Астанада терезе жуушы 7-қабаттан құлап көз жұмды

1988 жылы туған ер адамның альпинистік жабдығы үзіліп кеткен және 7-қабаттан құлаған

 Халық үні 02.05.2023 | 20:16
Фото: viramax.kz

Елордада 35 жастағы ер адам 7-қабаттан құлап көз жұмды, деп хабарлайды қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

1 мамыр күні сағат 17.33-те «103» қызметінен 9 қабатты тұрғын үй кешенінде терезелерді жуып жатқан ер адамның құлағаны туралы хабар түскен.

«1988 жылы туған ер адамның альпинистік жабдығы үзіліп кеткен және 7-қабаттан құлаған. Алған жарақаты салдарынан ол сол жерде көз жұмды. Жыл сайын күннің жылынуымен балалардың да, ересектердің де терезеден құлау оқиғалары жиілейді. Көп жағдайда қайғылы оқиғалар ересектердің немқұрайлылығынан және терезелерді жуу кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтамағандықтан болады», - делінген хабарламада.

Елордадық Төтенше жағдайлар департаменті терезе жууда қауіпсіздік ережесін сақтауға шақырды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама