×

Астанада балабақшадан шыққан өрт сөндірілді

Өрттің алдын ала болжам бойынша ауданы 300 шаршы метрді құраған

 Динара Амантай 02.05.2023 | 17:25
Фото: Астана қ. ТЖД баспасөз қызметі

Астанада жеке балабақшадан шыққан өрт сөндірілді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Елорда ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін сағат 15:29-да өрт сөндірушілер Хлудов көшесі, 1/1 мекенжайында жеке балабақшаның жанып жатқаны туралы хабарламаға ден қойған. Олар өрт орнына жедел түрде 7 минутта келген бойда 2 қабатты жеке балабақшаның шатыры жанып жатқанын анықтады. Өрт сөндірушілер дереу адамдарды іздеуге кірісті.

Әкімшілік өрт сөндірушілер келгенге дейін тәрбиешілері 26 баланы қауіпсіз жерге шығарған.

Елордалық өрт сөндірушілердің үйлесімді, кәсіби іс-қимылдарының арқасында өрт сағат 16:15-те жедел оқшауланып, сағат 16:25-те толығымен жойылды. Алдын ала болжам бойынша, өрттің ауданы 300 шаршы метрді құраған. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Өрт сөндіруге Астана қаласы ТЖД жеке құрамынан 40 адам және 13 техника жұмылдырылды. Оқиға орнында ТЖМ және елордалық ТЖД басшылығы бар.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама