×

Қазақстандық файтер-актердің жекпе-жегі сенсациямен аяқталды

Айламен жеңілген Тоқтар төбелес соңында әдепсіз сөйлеп, жекпе-жекке шақырды

 Халық үні 30.04.2023 | 20:45
Фото: vesti.kz

Қазақстандық актер және файтер Еркебұлан Тоқтар Алматыда өтіп жатқан OCTAGON 44 турниріндегі кештің басты кездесуінде күтпеген жерден жеңіліп қалды, деп жазды Vesti.kz.

28 жастағы файтер  21 жастағы ирандық Паям Назаримен кездескен. Екінші раундта ол Еркебұланды алдымен тура соққымен нокдаунға түсіріп, кейін тұншықтыру әдісімен жеңді.

Айламен жеңілген Тоқтар төбелес соңында әдепсіз сөйлеп, жекпе-жекке шақырды.

«Жігіттер, қыздар, қолдауларыңызға рахмет! Мен б.., ММА-ны қоям. Ей, нағыз жұдырықпен төбелесетін бар ма?! Аяққа жабысып...күрес әдісін қолданады. Күрес әдістеріне жаттығуға уақытым жоқ! Менімен жұдырықтасатын адам бар ма? Кез келгенін жеңемін» — деді Тоқтар.

Ол Instagram парақшасында хейтерлерге үндеу жолдап, енді тек жұдырықтасатынын ғана айтты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама