×

Ақтөбе облысында ақбөкендерге авиациялық есеп жүргізіле бастады

Былтыр Үстірт популяциясында 28 мың, Бетпақдалада 500 мың ақбөкен болған...

 Еркеғали Болатұлы 30.04.2023 | 17:17
фото: ашық дереккөз

Қазақстанның басқа өңірлеріндегідей, Ақтөбе облысының аумағында киіктердің санын әуеден анықтау басталды.

Әуе есебін «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК өңірлік филиалының қызметкерлері басқа мамандармен бірлесіп жүргізеді.

Біздің облыста Бетпақдала және Үстірттегі ақбөкендерге авиациялық есеп жүргізіліп жатыр, - деп атап өтті «Охотзоопром» өңірлік филиалының басшысы Болатбек Лайықов.

Былтырғы әуе есебінің деректері бойынша, Үстірт популяциясындағы ақбөкендердің саны 28 мың, Бетпақдалада 500 мың болған. Сол кезде Ақтөбе облысының аумағында аталған популяциялардың 100 мың басы бар еді. Қазір әлдеқайда көбеюі мүмкін.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама