×

Түркістан облысында 13 адам суға батып кетті

Үш бала өзенге, үш бала каналға құлап кеткен

 Халық үні 29.04.2023 | 21:43
фото: gov.kz

 Түркістан облысында жыл басынан бері 13 адам суға кеткен, оның 9-ы балалар, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Түркістан облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше ең көп суға кету жағдайлары Ордабасы ауданында тіркелген.

Мұнда жыл басынан бері 3 адам суға кеткен.

Ал, Бәйдібек пен Сауран және Түлкібас ауданында 2 жағдайдан, Қазығұрт пен Мақтааралда, Отырар ауданы мен Түркістан қаласында 1 жағдайдан тіркелген.

Оның ішінде ата-анасының қарауынсыз қалған 9 бала суға кетіп қайтыс болған.

Үш бала өзенге, үш бала каналға құлап кеткен. Үй арасындағы арықтардан да 3 баланың мәйіті табылған.

«Су айдындарында «суға түсуге тыйым салынады» деген белгі орнатылған жерлерде, жүзудің шекарасын белгілейтін қалқыбелгілерден кейін шомылуға, шағын кемелерді пайдалануға, мас күйінде суға түсуге тыйым салынады. Балаларды қараусыз қалдырмаңыздар», - делінген Түркістан облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама