×

Павлодардағы Ленин кентіне қазақша атау берілді

Елді мекен қаладан 10 шақырым жерде орналасқан

 Динара Амантай 29.04.2023 | 13:36
Фото: facebook.com/Daniyar Jumadil

Павлодар қаласының іргесінде орналасқан Ленин кенті қазақша атаумен өзгерді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Бүгін Павлодар қаласының іргесінде орналасқан Ленин кентінің атауын өзгерту бойынша қоғамдық тыңдау өтті.

Жергілікті жұртшылықтың басым көпшілігінің қолдауымен елді мекен атауы «Атамекен» болып өзгерді. Тұрғындар өз пікірін білдірді, оны ескерген жергілікті қауымдастық өкілдері (дауыс беру құқығына ие) бірауыздан Атамекен нұсқасына дауыс берді, – деп жазды «JEBE» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Данияр Жұмаділ Facebook-тегі парақшасына.

Айтуынша, бұл жылдар бойы ел күткен мәселе. Тұрғындар саны 10 мыңнан асатын кент облыс орталығының негізгі «қақпасы» іспеттес. Павлодардан 10 шақырым жерде орналасқан. Астана – Павлодар бағытындағы республикалық маңызы бар кеңжолақты автожолмен жүріп келгендер осы кентті басып өтеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама