×

Қазақстандық спортшы жекпе-жек алдында қарсыласының кеудесіне мылтық кезеді (видео)

Ирандық файтер Паям Назаримен (3-1) көзарбасуға ол қолына мылтық ұстап шығып, қарсыласымен жанжалдасып қалды

 Халық үні 28.04.2023 | 23:50
Фото: видеодан алынды

Қазақстандық актер және аралас жекпе-жек жауынгері Еркебұлан Тоқтар айқас алдындағы кездесу сәтінен видео жариялады, деп хабарлады Sports.kz.

Ирандық файтер Паям Назаримен (3-1) көзарбасуға ол қолына мылтық ұстап шығып, қарсыласымен жанжалдасып қалды. Видеоға «Бүгін атпадым, ертең атамын» деген жазба қалдырған.

Айта кетейік, қазақстандық пен ирандық спортшының арасындағы айқас Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайныда Octagon 44 турнирі аясында 29 сәуірде жеңіл салмақ санатында (65,8 келі) өтеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама