×

ПИК-ті жойып, тұрғын үйді басқарудың жаңа тетігін енгізу мәселесі қаралды

Мемлекет басшысы мүлік иелерінің бірлестігін (МИБ) енгізу қате болғанын айтқан еді

 Дәурен Ерболат 25.04.2023 | 17:50
Фото: gov.kz

Пәтер иелері кооперативін (ПИК, КСК) жойып, тұрғын үйді басқарудың жаңа тетігін енгізу мәселесі қаралды, деп хабарлады Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.

ИИДМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті еліміздегі көппәтерлі тұрғын үйлерді басқарудың жаңа түрлеріне (МИБ/ҚС) көшіру жөнінде кеңес өткізді. Жиынға құрылыс және ТКШ істері комитетінің, «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ, «Астана ЕРЦ» ЖШС, ПИК, сондай-ақ Астана қаласы әкімдігі мен Әділет департаментінің өкілдері қатысты.

Кеңес барысында ПИК-ті ерікті түрде және мәжбүрлеп жою мәселесі, бірыңғай есеп айырысу орталығы арқылы көрсетілетін қызметтердің ақысын төлеу, сондай-ақ ТКШ саласындағы заңда қабылданған жаңа өзгерістер түсіндірілді.

Осы аптада жоғарыда айтылған заңды тұлғалық негізде басқарылатын ұйымды кезең-кезеңімен таратудың тәртібі ұсынылады. Құжатпен «Әділет» нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде танысуға болады, - деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, президент тұрғын үйді басқарудағы олқылықты атаған еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама