×

Павлодар облысында Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне 2 млн теңгеден беріледі

Одан басқа, 34 500 теңгенің азық-түлігі табыс етіледі

 Дастан Жұмабекұлы 25.04.2023 | 15:01
фото: ашық дереккөз

Павлодар облысында ІІ Дүниежүзілік соғыстың ардагерлеріне Жеңіс күні қарсаңында қомақты ақша беріледі.

Pavlodarnews.kz-тің хабарлауынша, облыс әкімдігінде өткен аппараттық жиналыста облыстық ақпарат және қоғамдық даму басқармасының басшысы Балтабай Қаппасов соғыс ардагерлерінің әрқайсысына 2 млн теңгеден берілетінін айтты. Қазір өңірде 12 соғыс ардагері тұрады. Мысалы, Павлодар қаласында – 7, Ақсу және Екібастұз қалаларында, Ертіс, Павлодар, Баянауыл аудандарында 1 ардагерден қалған. 

Жеңіс күні қарсаңында ардагерлердің шоттарына 2 млн теңге мөлшерінде біржолғы материалдық көмек көрсетіледі. Сондай-ақ 34 500 теңгенің азық-түлігі табыс етіледі, – деді Балтабай Қаппасов.

Сондай-ақ өңірдің 1300-ден аса тұрғынына 150 мың теңге көлемінде материалдық көмек қарастырылған. Олар – Ауған соғысының ардагерлері, Чернобыль атом-электр станциясындағы апатты жоюға қатысушыларға, тәжік-ауған учаскесінде ТМД шекарасын қорғаған және басқа да қарулы қақтығыстарға қатысқан азаматтар бар. Бұдан басқа, тыл еңбеккерлеріне, қоршаудағы Ленинград тұрғындары мен басқа да санаттағы адамдарға 30 мыңнан 100 мың теңгеге дейін қарастырылған.

Жалпы, мереке күндері  6 мыннан аса адамға біржолғы материалдық көмек көрсетілетін болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама