×

Семейде колонияда жазасын өтеп жатқан әйел босанды

Келіншектер акушер-гинекологтың бақылауында

 Дастан Жұмабекұлы 25.04.2023 | 14:27
фото: ашық дереккөз

Семейде №21 колонияда бас бостандығынан айырылған әйел дүниеге сәби әкелді.

Polisia.kz-тің хабарлауынша, №21 мекемеде осымен екінші рет жазасын өтеп жатқан әйел босанып отыр. Семей қаласының 30 жастағы тұрғыны жазасының жарты жылға жуық мерзімін Абай облысындағы қылмыстық-атқару жүйесінің колониясында өтеп жатыр. Ол мекемеге аяғы ауыр кезінде түскен.

Колонияның қызметкерлері әйелді жедел түрде қалалық перзентханаға жеткізді. Дүниеге келген ұл – отбасындағы үшінші бала. Босану асқынусыз өтті. Нәрестенің денсаулығы қалыпша.

Балалар менің қайда екенімді әлі білмейді. Жұмыста деп ойлайды. Мені күтіп отыр. Қазір олар күйеуім мен оның ата-анасының қасында, – деді сотталған әйел.

Мекемеде үнемі медициналық қызметкер жұмыс істейді. Жазасын өтеп жатқан адамдардың медициналық көмек алуға толықтай құқығы бар.

Мекеме басшысы Аслан Нұрбековтің айтуынша, колонияда оларға міндетті медициналық сақтандыру жүйесі бойынша қызмет көрсетіледі. Бірақ сотталғандар мекемеге полиссіз, төлқұжатсыз кірсе де оларға уақыт өте келе бұл құжаттар рәсімделеді. Көбінесе сотталғандар аяғы ауыр болып келеді. Кейбірі колонияға келгеннен кейін босанады. Ал кейбірі бала туғанға дейін босатылады. Келіншектер акушер-гинекологтың бақылауында тұрады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама