×

ЧВК «Вагнер» қатарына қосылған Қазақстан азаматының әскерге жарамсыз екені анықталды

Ол өз еркімен соғысқа аттанған

 Дәурен Ерболат 25.04.2023 | 14:14
Фото: ОКҚ

ЧВК «Вагнер» қатарына қосылған 23 жастағы қазақстандық Марғұлан Бекенов әскерге жарамсыз. Бұл туралы Қазақстан Қарулы күштері Құрлық әскерлері бас қолбасшысының бірінші орынбасары, генерал-майор Қаныш Әбубәкіров айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Ол (ЧВК «Вагнер» қатарына қосылған қазақстандық) Қазақстан Қарулы күштері қатарында қызмет етуге жарамсыз болып танылған. Негізгі ақпаратқа тоқталсақ, бұл іспен айланысып жатқан басқа да органдар бар және олар (оның әрекетіне) құқықтық баға береді, - деді Қаныш Әбубәкіров ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Ал кеше СІМ ЧВК «Вагнер» қатарына қосылған қазақстандықты елге оралғанда қандай жаза күтіп тұрғанын хабарлаған болатын.

Еске сала кетсек, 23 жастағы қазақстандық Марғұлан Бекенов Ресейдің «арнайы операциясына» үлес қосуға өз еркімен шешім қабылдағанын мәлімдеп, үндеу жолдаған еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама