×

ЧВК «Вагнер» қатарына қосылған қазақстандықты елге оралғанда қандай жаза күтіп тұр

Қазақстан азаматы ЧВК «Вагнер» қатарында Украинаға қарсы соғысып жүр

 Дәурен Ерболат 24.04.2023 | 17:23
скриншот: видео

Шетелдегі әскери соғысқа қатысқандар Қазақстанға оралғанда сотталатыны ескертіледі. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Қазақстан азаматы өз еркімен ЧВК «Вагнер» қатарына қосылған. Олардың қатарына қосылуға ниет танытқандарға 5 жылдан 9 жылға дейін түрмеде отыратынын ескертеміз. Олар ойлағандай онда романтика жоқ. Бұл біздің соғыс емес. Сақ болыңыздар. Жақындарыңызды ойладыңыздар, - деді Айбек Смадияров.

СІМ ресми өкілі барша қазақстандыққа ескерту жасады.

«Бәріміз ересекпіз. Бұл жігіт те кәмелет жасына толған. Өкінішті жағдай, біз оларға көмектесіп жатырмыз, оның ата-анасымен байланыстамыз. Барлық тиісті сұрақ Ресей Федерациясының құзыретті органдарына жіберілді. Біз ақпаратты тексереміз және мүмкіндігінше толық көмек көрсетеміз. Бірақ ол Қазақстанға оралғанда ол қылмыстық қудалауға ұшырайтыны ескертеміз», - деді ресми өкіл.

Еске салайық, 23 жастағы қазақстандық Марғұлан Бекенов Ресейдің «арнайы операциясына» үлес қосуға өз еркімен шешім қабылдағанын мәлімдеп, үндеу жолдады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама