×

Астанада интернет дұрыс жұмыс істемейтін 67 орын бар – Бағдат Мусин

Цифрлық даму министрі бұл мәселе біртіндеп шешіліп жатқанын айтты

 Дәурен Ерболат 25.04.2023 | 12:47
Фото: Halyq Uni

Елордада интернет дұрыс жұмыс істемейтін 67 орын бар. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Астанада (интернет дұрыс жұмыс істемейтін) 67 орын бар. Мәселе біртіндеп шешіліп жатыр. Мысалы, «Хан-Шатыр» СОО артындағы ауданды алайық. Онда тиісті жабдықты орнатты. Әкімдік жер учаскесін бөлді. Өйткені онда барлық тұрғын радиофобияны жақтаушылар болып шықты. Біз ол жақтан барлық базалық станцияны алып тастадық, - деді министр Үкімет отырысынан соң.

Оның айтуынша, бүгінде әкімдік жер учаскесін бөліп, ұялы байланыс операторлары базалық станцияны орната бастаған.

«Бүгінде мұндай 67 орын бар. Биыл әкімдік жер телімін бөлуге уәде береді. Мұндағы мәселе әкімдік пен ұялы байланыс операторларының үйлесімді жұмысына байланысты», - деді Бағдат Мусин.

Айта кетейік, бұған дейін министр Қазақстанда интернет жылдамдығы неге төмендегенін түсіндірген еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама