×

Қазақстанда 4 күндік жұмыс аптасы: Еңбек министрлігі түсініктеме берді

Бұл тәжірибені кейбір жұмыс берушілер қолданып жүр

 Халық үні 25.04.2023 | 08:50
Фото: handbookgermany.de

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми өкілі Сәкен Ділдахмет Қазақстанда 4 күндік жұмыс аптасының енгізілуіне қатысты түсініктеме берді. Ведомство өкілінің айтуынша, Еңбек кодексіне енгізілетін өзгеріс жұмыс аптасын толығымен 4 күндікке ауыстырмайды. Бұл жерде жұмыс кестесін кезек-кезек ауыстыру туралы сөз болып отыр.

Өзгеріс аясында 4 күндік, 5 күндік және 6 күндік жұмыс аптасын кезекпен ауыстыру қарастырылады. Мәселен, бір апта 5 күндік болса, екінші аптада 4 күн жұмыс істеуге болады. Бұл жұмыс кестесі қызметкердің өтініші бойынша, жұмыс берушінің келісімімен бекітілуі мүмкін. Сөйтіп, 4 күн жұмыс істейтін қызметкерде қосымша демалатын бір күн пайда болады, - деді ведомство өкілі.

 Сәкен Ділдахмет бұл тәжірибені кейбір жұмыс берушілер қолданып жүргенін және ол еңбек саласындағы халықаралық стандарттарға сәйкес келетінін айтты.

Құжатқа сәйкес, 2023 жылдан бастап жұмыс берушіге 5 және 6 күндік жұмыс аптасымен қатар, 4 күндік жұмыс аптасын белгілеуге де мүмкіндік берілмек. Өзгеріс заңның 71-бабына жеке тармақ болып енгізіледі:

Тараптардың келісімі бойынша еңбек шартында 5 күндік немесе 6 күндік жұмыс аптасымен кезектесу құқығымен 4 күндік жұмыс аптасын белгілеуге жол беріледі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама