×

Ақтөбе облысында да бір көліктегі 3 адам тіл тартпай кетті

Жүргізушісі аудандық ауруханаға жеткізілді

 Еркеғали Болатұлы 23.04.2023 | 18:00
фото: дереккөз

Ақтөбе облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан 3 адам қаза тапты. Ал жүргізуші ауруханаға жеткізілді, деп хабарлады polisia.kz.

Жол апаты бүгін Хромтау ауданы Жазық ауылының маңында, Самара-Шымкент автожолында болған. «ВАЗ-2110» және Toyota маркалы автокөліктері соқтығысқан.

«ВАЗ» автокөлігінің 3 жолаушысы оқиға орнында көз жұмды, жүргізушісі аудандық ауруханаға жеткізілді. Сотқа дейінгі тергеу басталды және жол-көлік оқиғасының мән-жайы анықталып жатыр.

Еске сала кетсек, бұған дейін Түркістан облысында жол апатынан 3 адамның қаза тапқанын жазған болатынбыз.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама