×

Түркістан облысында жүк көлігіне соқтығысқан Nexia-да 3 адам қаза тапты

1 жолаушы дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді

 Еркеғали Болатұлы 23.04.2023 | 15:40
фото: дереккөз

Түркістан облысында жол-көлік апаты салдарынан 3 адам қаза тапты. Тергеу жүргізіліп жатыр, деп хабарлады polisia.kz.

Жол апаты Түркістан облысы Отырар ауданының Төрткөл-Шәуілдер-Түркістан-Кентау тас жолында болған. Nexia маркалы автомобиль мен жүк көлігінің соқтығысқаны анықталды.

Апат салдарынан Nexia жүргізушісі мен оның 2 жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. Сонымен қатар осы автокөліктің 1 жолаушысы дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.

Бұл жайт Қылмыстық кодекстің 345-бабы («Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүру немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы») бойынша тіркелді. Сараптама тағайындалды, барлық жағдайлар анықталып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама