×

Белгілі актриса Лидия Ашрапова дүниеден өтті

Ол отандық киноөнердің ең танымал туындыларында ойнаған

 Еркеғали Болатұлы 23.04.2023 | 17:34
фото: видеодан скриншот

Қазақ киносының алтын қорына енген «Қыз-жігіт» («Девушка-джигит») фильмінде басты рөлді сомдаған актриса Лидия Ашрапова 87 жасында дүниеден өтті.

Одан бөлек, актриса отандық киноөнердің ең танымал туындылары – «Біз осында тұрамыз», «Біздің сүйікті дәрігер», «Тақиялы періште», «Гауһартас»,«Қан мен тер» фильмдерінде ойнаған.

Еске сала кетсек, «Гауһартас» фильмі туралы Qazaqstan телеарнасы жақында ғана арнайы хабар ұсынған еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама