×

Алматыда апат болып, тұрғындар сусыз қалды

Мамандар оқиға орнында жұмыс істеп жатыр

 Дәурен Ерболат 23.04.2023 | 11:50
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Түрксіб ауданында ірі су құбыры жарылып, үйлерге су беру тоқтатылды, деп хабарлады Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Ауданда апаттың салдары жойылып жатыр.

«Алматы су» мекемесінің мәліметінше, жұмысшылар Герцен көшесінің бойымен тартылған Д=500 мм магистральдық су құбырын жөндеп жатыр. Апатты жоюға 16 техника жұмылдырылды. Жарылған су құбыры 1962 жылы пайдалануға берілген, - деп жазылған хабарламада.

Бүгінде Рысқұлов даңғылы мен Герцен көшесінің қиылысында көліктердің жүруіне уақытша шектеу қойылды.

Су құбырының жарылуына байланысты төмендегі әкімшілік ғимараттар мен үйлерге су беру уақытша тоқтатылды:

  • Сүйінбай – Баянауыл – Шемякин – Хмельницкий көшелері;
  • Рысқұлов – Парковая – Құлыншақ – Баишев көшелері;
  • Айша бибі, Атырау, Шуақты шағын аудандары.

Бұл мекенжайлар мен шағын аудандарға автоцистерна арқылы су жеткізіледі.

Алматының басқа аудандарында су беру тоқтатылмайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама