×

23 сәуірге арналған ауа райы болжамы жарияланды

Жетісу облысының орталығында -3 градус аяз сақталады

 Халық үні 23.04.2023 | 08:30
Фото: life09.kz

«Қазгидромет» РМК 23 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады.

Синоптиктердің мәліметінше, Қара теңіз аудандарынан шыққан циклон және онымен байланысты атмосфералық ағындардың ықпалымен республиканың басым бөлігінде жаңбыр жауады. Тек елдің оңтүстік-шығысында, шығысында, оңтүстік-батысында күн жауын-шашынсыз болады.

Қазақстан бойынша жел күшейіп, батыста, солтүстікте, орталықта найзағай ойнайды, шығыста тұман түсіп, оңтүстік-батыста шаңды дауыл тұрады.

Түнде Жетісу облысының орталығында -3 градус аяз сақталады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама