×

Абай облысында Ертіс жағасынан өтіп бара жатқан тұрғындар 7 жасар баланың денесін тауып алды

Оны өтіп бара жатқандар оқиға орнынан 15 шақырым жерде Ертіс жағасынан тауып алған

 Халық үні 22.04.2023 | 21:48
Фото: ktk.kz

Семейде Ертіске құлап кеткен 7 жасар баланың денесі табылды.

Қайғылы оқиға 21 сәуірде Семейде болған.

Облыстық төтенше жағдайлар депратаментінің мәліметінше, кеше сағат 19.56-да 112 пультіне аквапарк маңында баланың суға құлап кеткені туралы хабарлама түскен.

Оқиға орнына құтқару бөлімшелері жіберілген.

«21 сәуірде өзен жағасында ойнап жүрген 2016 жылғы бала суға құлап кеткен. Іздестіру-құтқару жұмыстары басталып, бүгін сағат 09:45-те ұл баланың денесі табылды. Оны өтіп бара жатқандар оқиға орнынан 15 шақырым жерде Ертіс жағасынан тауып алған», - делінген Абай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Баланы іздеуге Абай облысы Төтенше жағдайлар департаментінен 20 адамы, 6 техника және 3 жүзу нысаны, LIDER.KZ қозғалысының 20 еріктісі, баланың 10 туысы, 50 полиция қызметкері жұмылдырылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама