×

Астанада жүлде қоры қомақты тағы бір жарыс өтеді

Kazakhstan Chess Cup классикалық шахматтан әлем чемпионаты аясында болады

 Дастан Жұмабекұлы 21.04.2023 | 14:34
фото: ашық дереккөз

23-30 сәуір аралығында Астанадағы Ұлттық теннис орталығында («Beeline Arena») шахматтан ерлер мен әйелдер арасында Kazakhstan Chess Cup ашық турнирі өтеді. Оған Александр Рахманов (FIDE), Тамир Набати (Израиль), Тимур Гареев (АҚШ), Виталий Сивук (Украина), Денис Махнев (Қазақстан) пен басқа да шахматшылар қатысады.

Ашық турнирге қатысушылардың рейтингі есепке алынбайды. Жарнасын төлеген және оған қатысуға екі санаттан төмен емес шахматшылар жіберіледі. Турнирге жарнасыз гроссмейстерлер, әйелдер арасындағы гроссмейстерлер, 2 400 және одан жоғары рейтингі бар шахматшылар қатысады. Kazakhstan Chess Cup – шахматшыларға мықты қарсыластарымен тікелей ойнауға тамаша мүмкіндік. Жеңіске жеткен немесе тең түскен жағдайда турнирге қатысушылар өз рейтингтерін көтера алады. Бұл іс-шара Швейцария жүйесі бойынша 9 турда, FIDE ережелері бойынша халықаралық рейтингті ескере отырып өткізіледі. Уақытты басқару – 90 минут, әр қадамға 30 секунд қосылады, - делінген Шахмат федерациясының хабарламада.

Kazakhstan Chess Cup 2023 жылғы классикалық шахматтан әлем чемпионаты аясында өтеді. Турнирдің басты серіктесі –Freedom Holding Corp.

Ересектер кубогын ұйымдастырушылар – FIDE Халықаралық шахмат федерациясы мен Астана қаласы спорт басқармасының қолдауын алған Қазақстан шахмат федерациясы. Жүлде қоры – 23 млн теңге.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама