×

Атырау облысында 470 млн теңге жымқырды деп айыпталған әкімдік өкілдері ақталып шықты

Облыс прокурорының атына бірқатар жеке қаулылар шығарылды

 Динара Амантай 20.04.2023 | 15:26
Фото: kazpravda.kz

Сот 470 миллион теңгені жымқырды деп айыпталған Атырау облысы әкімдігінің қызметкерлеріне ақтау үкімін шығарды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Атырау қаласының №2 соты баспасөз қызметінің мәліметінше, сотта адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен өздерінің қызмет бабын пайдаланумен аса ірі мөлшерде кінәліге сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу және талан-таражға салу, жымқыруға жәрдемдесу және мүліктік пайда алу мақсатында бірнеше рет іс жүзінде жұмыстар орындалмай, қызметтер көрсетілмей, тауарлар тиеп-жөнелтілмей, шот-фактура жазу бойынша мемлекетке ірі залал келтіру фактісі бойынша мердігер Т.-ға, мердігердің туысы К.-ге, техникалық қадағалау жөніндегі инженерлер О., М.-ға, техникалық қадағалау компаниясының басшысы К.-ге, Атырау облысы құрылыс басқармасының қызметкерлері С., Н., Ж.-ға қатысты қылмыстық іс қаралған.

Сотталушы Т. сотқа дейінгі тергеумен анықталмаған жағдайларда өзінің туысы К. арқылы қызметтік жағдайын пайдалана отырып, Атырау облысы құрылыс басқармасының орынбасарлары Н., Ж.-мен, құрылыс бөлімінің басшысы С.-мен бірнеше рет алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобында «3 спорт залы», «Дамбы ауылындағы 300 орындық мектеп», «Көкарна шағын ауданындағы ауысымда 25 келушіге арналған отбасылық-дәрігерлік амбулатория», «Қара Депо ықшам ауданындағы ауысымда 25 келушіге арналған отбасылық-дәрігерлік амбулатория» нысандарын салуға бөлінген бюджеттік қаражатты иемдену және талан-таражға салумен кінәлілерге сеніп тапсырылған ақша қаражатын жымқырғаны, техникалық қадағалау жөніндегі инженерлер М., О., ЖШС директоры К. шындыққа сәйкес келмейтін орындалған жұмыстардың актілерін жасау және оларға қол қою арқылы оларға жымқыруға жәрдемдескені, осылайша 470 млн теңгеден аса бюджет қаражатын ұрлап, аса ірі мөлшерде мемлекетке залал келтіргені үшін айыпталған.

Бұдан басқа, сотталушы Т. ЖШС-нің директоры бола тұра, негізсіз жұмсалған бюджет қаражатының заңдылығын беру үшін ЖШС-нің шығын бөлігін ұлғайту мақсатында 2019 жылы басқа ЖШС-мен қызметтерді сатып алуды, сондай-ақ 2020 жылы екінші ЖШС-мен қызметтерді сатып алуды көрсеткені үшін, осылайша жеке кәсіпкерлік субъектісі бола отырып, бірнеше рет мемлекетке ірі залал келтіре отырып, мүліктік пайда алу мақсатында жұмыстарды нақты орындамай, қызметтер көрсетпей, тауарларды тиеп-жөнелтпей, шот-фактураны жазып беру жөніндегі іс-әрекеттерді жасағаны үшін айыпталған.

Сотта қылмыстық іс қозғалған кезде құрылысына бюджет қаражаты бөлінген 4 объектінің аяқталмағаны, мемлекеттік сатып алуды, құрылысты, мердігер ұйыммен жасалатын мәмілелерді өткізу жөніндегі барлық шарттар сотпен жарамсыз, жалған немесе өтірік деп танылмағаны, сотталушылар арасындағы қылмыстық сөз байласу сотқа дейінгі тергеу барысында да, сондай-ақ сотта да анықталмағаны, құрылыстың мерзімінде аяқталуына кедергі келтіретін көптеген объективті себептер анықталғаны, мысалы: тапсырыс берушімен құрылысқа ақшалай қаражат уақтылы бөлінбеуі, бұл қосымша шарттар жасауға жасауға себеп болғаны, пандемия жұмыс күшінің болмауына, құрылыс материалдарының қымбаттауына әкеп соққаны, мердігердің өзі ЖСҚ-да көзделмеген қосымша жұмыстарды орындалғаны, тиісінше, бұл қосымша жұмыстар құрылыс-экономикалық сараптамалар жүргізу кезінде ескерілмегені және т. б. куәлік еткен мән-жайлар сотталушылардың жымқыруға немесе осындай жымқыруға жәрдемдесуге тікелей ниеті болмағаны анықталған.

Сондай-ақ сотта Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері тарапынан тергеу іс-қимылдарын жүргізу кезінде, оның ішінде ЖТӘ жүргізу кезінде ҚПК-нің нормаларын елеулі бұзушылықтар анықталуына байланысты сотқа дейінгі тергеу органымен табылған бірқатар дәлелдемелер сотпен жол берілмейтін дәлелдемелер болып танылған.

Сонымен қатар, айыптаушы тараппен сотқа кейбір сотталушылар жымқыру әрекетін жасады деп айыпталған бюджеттік ақшалай қаражаттың қалай сеніп тапсырылғаны туралы дәлелдер ұсынылмаған.

Сот Т., К., К., М., О., Н., Ж., С.-ны олардың әрекеттерінде өздеріне тағылған қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты барлық эпизодтар бойынша кінәсіз деп таныды.

Сот сотталушылардың қылмыстық іс жүргізуші органның заңсыз әрекеттерінен келтірілген заңсыз қылмыстық қудалау үшін зиянды өтеу құқығын таныды. Азаматтық талап қараусыз қалдырылды.

Бұған қоса Атырау облысы прокурорының атына бірқатар жеке қаулылар шығарылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама