×

Ресей Орталық Азия чемпионатына қатысудан бас тартты

Турнир 9-21 маусым аралығында Ташкент пен Бішкекте өтеді

 Дастан Жұмабекұлы 20.04.2023 | 14:40
фото: sport24.ru

Ресей ұлттық құрама командасы Орталық Азия Футбол қауымдастығының чемпионатына қатысудан бас тартты. Бұл туралы championat.com хабарлады.

Ресей ұлттық құрамасының жаттықтырушылар кеңесі кеңесе отырып, Орталық Азия чемпионатына қатысудан бас тартты. Себебі Ресей чемпионатындағы матчтар мен ел кубогының суперфиналы Орталық Азия қауымдастығы ұйымдастыратын турнирмен тұспа-тұс келіп отыр. Сол себепті Ресей жарысқа қатыса алмайды, – делінген РФ Футбол одағынының хабарламасында.

Орталық Азия Футбол қауымдастығының (CAFA) тұңғыш чемпионаты 9-21 маусым аралығында Ташкент пен Бішкекте өткізіледі. Оған Иран, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан мен Ауғанстан елдерінің ұлттық құрамалары қатысады.

CAFA ұйымы 2014 жылы құрылған. Оған Ауғанстан, Иран, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан федерациялары кіреді.

Турнирдің ережесі бойынша 8 команда төрт-төрттен екі топқа бөлініп ойнайды. Бір топтың ойындары – Ташкентте, екіншісінікі Бішкекте өтеді. Орталық Азия чемпионатына Ресейдің «Газпром» акционерлік қоғамы қаржылай көмек көрсетуді жоспарлап отыр.

Топтардың жеңімпаздары финалда кездеседі. Ал өз квартетінде екінші болған командалар қола жүлдені өзара сарапқа салады. Бұл екі финалдық матч та Ташкентте болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама