×

Қазақстанда бұралқы иттерден зардап шеккендердің қатары көбейген

Президент облыс әкімдерін әрекет етуге шақырды

 Дәурен Ерболат 19.04.2023 | 12:13
фото: Halyq Uni

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңейтілген отырыста облыс әкімдеріне бұралқы иттер мәселесін шешуді тапсырылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

«Маған барлық аймақтан бұралқы иттер туралы шағым үнемі түседі. Бұл мәселемен билік өкілдерінің ешқайсысы айналыспай отыр. Олар тиісті заңға сілтеме жасайды. Бірақ осы жолмен жүрсек, біз жағдайды бақылаудан шығарып алуымыз мүмкін.

Ия, біз жануарларға мұқият болуымыз керек. Бірақ олардың адамдарға, әсіресе балаларға деген агрессиясына жол берілмейді. Сондай-ақ бұралқы иттердің шабуылынан зардап шеккендердің саны артып келеді. Бұған жол берілмеуі керек. Әрекет етіңіздер, - деді президент.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама