×

Астанада айдап әкеткен көлігімен жол апатына түскен жүргізуші сол жерде көз жұмды

Жол апаты салдарынан Subaru жүргізушісі алған жарақатынан оқиға орнында қайтыс болды

 Халық үні 19.04.2023 | 07:50
Фото: polisia.kz

Астанада айдап әкеткен көлігімен жол апатына ұшыраған жүргізуші көз жұмды, деп хабарлайды Ішкі істер министрлігі.

«Астанада 18 сәуір күні Subaru автомашинасының жүргізушісі Тілендиев даңғылымен жүріп келе жатып, рөлді басқара алмай, ілеспе бағытта келе жатқан Howo жүк көлігімен соқтығысқан. Жол апаты салдарынан Subaru жүргізушісі алған жарақатынан оқиға орнында қайтыс болды», - деп жазды ведомство.

Тексеру барысында Subaru автокөлігінің айдап әкетілгені анықталды.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы негізінде тергеу мүддесінде сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етілуге жатпайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама