×

«Жанқош Тұраровқа қатысты дау шықты»: боксшы сот алдында жауап берді

Боксшыға айыппұл салынды

 Халық үні 19.04.2023 | 01:21
Фото: sports.kz

 Жартылай орта салмақта IBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы Жанқош Тұраров (27-0, 20 KO) қайтадан сот алдында жауап берді, деп хабарлады «Сүйектен ұр» телеграм-арнасы.

Боксшыға айыппұл салынды.

«2018 жылы ол Sky Bar-дағы атыстан кейін болған төбелеске байланысты сотқа қатысты. Бұл жолы бәрі жақсы аяқталды. 2021 жылы Жанқош Тұраровтың сот орындауышыны қорқытқаны туралы ақпарат тарады. Өткен жылы  жол апатына түсті, көлігімен басқа көлікті соғып кетті. Сотқа боксшы бейнебайланыс арқылы қатысты. Соттың мәліметінше, ол кезде спортшы «уақытша жұмыссыз» болған. Сондықтан да, оған қатал үкім шығарылмаған секілді. 61 260 теңге көлемінде айыппұл салынды», - деп жазады дереккөз.

Еске сала кетейік, наурызда Тұрар мексикалық  Алехандро Менесесті жеңді. Жекпе-жек 12 раундқа есептелгенмен, 10 раундта қарыласының көзінен қан ағып кетті. Дәрігерлер рұқсат бергенімен, боксшының командасы айқасты жалғастырудан бас тартты. Сөйтіп, қазақстандық боксшы техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

Тұраров үшін бұл 27-жеңіс болды. Ол  жартылай орта салмақта IBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы атанды.

Кейін Тұраповтың жекпе-жегін ұйымдастырған Movida Promotions промоутерлік компаниясы лицензиясынан айырылды.

Боксшының өзі титулынан айырылған жоқ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама