×

Үш айда ел шекарасынан қару-жарақ өткізудің 66 әрекетінің жолы кесілді

Заңсыз миграцияның 4 арнасы бейтараптандырылды

 Динара Амантай 18.04.2023 | 16:10
Фото: ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметі

ҰҚК Шекара қызметі мемлекеттік шекараны күзету бойынша күшейтілген жұмысты жалғастырып жатыр, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, жыл басынан бері шетелдік (Үндістан, Нигерия, Тәжікстан, Өзбекстан және Ресей) және Қазақстан азаматтары жалған және өзгенің құжатын қолданудың 99 фактісін анықтаған.

Сонымен бірге шекаралық аймақта 4 238 шекара режимін бұзушы ұсталып, 1,9 млрд теңгеге жақын сомадағы валюта, алтын және басқа тауарлардың тасымалдануына жол берілмеді.

Сондай-ақ қару-жарақ пен оқ-дәрілерді өткізудің 66 әрекетінің жолы кесілді. Заңсыз миграцияның 4 арнасы бейтараптандырылып, бұл қылмысқа қатысы бар 6 адам ұсталды.

Ұсталған құқық бұзушыларға қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шаралар қабылданды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама