×

Әскерге шақырылған жастардың 15%-ы мүлдем жарамсыз – Қорғаныс министрлігі

Жастар медицина комиссиясынан өтіп, әскерге жарамды болғанның өзінде кейін тағы іріктеледі

 Дәурен Ерболат 18.04.2023 | 15:08
Фото: centralasia.news

Қазақстанда әскерге шақырылған жастардың 15%-ы мүлдем жарамсыз болып шықты. Бұл туралы ҚМ Қарулы күштері Бас әскери медициналық басқармасы басшысының орынбасары Берік Ілиясов айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

2022 жылы медкомиссиядан өткендердің саны 130 мыңнан асты. Оның 80%-ы әскерге жарамды болды. Алайда қалған 20%-ы, оның ішінде 15%-ға жуығының әскерге мүлдем жарамсыз екені анықталды. Ал қалған 5%-ы – әскерге тек уақытша жарамсыз деп танылды, - деді медицина қызметінің полковнигі Сенат кулуарында.

Берік Ілиясовтің айутынша, жастар медицина комиссиясынан өтіп, әскерге жарамды болғанның өзінде кейін тағы іріктеледі.

Олар психологиялық тексеруден өтуі керек. Сондай-ақ оқу деңдейі деген сияқты басқаша талапқа сай болмай, өтпей қалып жатады. 130 мың адамның 80%-ын алсақ, ол – шамамен 100 мың адам. Біз қарулы күштерге және басқа да әскери құрылымдарға шамамен 30 мың адам шақырымыз. Бұл (әскерге сұранысты, – автор) толық жабуға мүмкіндік береді, - деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін Бас әскери прокуратура суицид көбінесе әскерде болады деген пікірдің шындыққа жанаспайтынын хабарлаған болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама