×

Биыл ақпараттық саясатқа 64 млрд теңге бөлінген

Қай тақырыпқа қанша бөлінетінін республикалық комиссия анықтайды

 Дәурен Ерболат 18.04.2023 | 14:44
Фото: Depositphotos.com

2023 жылы Қазақстан ақпараттық саясатқа 64 млрд теңге бөлді. Бұл туралы АҚДМ Ақпарат комитеті төрағасының орынбасары Нұрлыбек Жеңісбекұлы айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Алдымен ол ақпараттық саясатқа мемлекет қаржысы қалай бөлінетінін түсіндірді.

Бізге нақты әскери қызметкерлерге немесе дәрігерлердің ақпарат жұмысына деп арнайы қаражат есептелмейді. Тақырыптық бағыттарға есептеледі. Олар бекітілген. Осы бағыттардың өзінің формуласы бар. Сол алгоритм бойынша қай бағытқа, қай тақырыпқа қанша ақша бөлетінін республикалық комиссия анықтайды, - деді Нұрлыбек Жеңісбекұлы Сенаттағы «Әскери қызметшілердің өмірі мен денсаулығын сақтау мәселесі» тақырыбында өткен отырыста.

Оның айтуынша, биыл комитет салаға қомақты ақша бөлген.

Жалпы ақпараттық саясатқа барлығы 64 млрд теңгеге жуық қаржы қарастырылған. Оның ішінде мемлекеттік телеарналар мен баспа басылымдары бар. Таза мемлекеттік ақпаратқа бөлінетін қаражат одан аздау. Қазір мен оны сізге нақты айта алмаймын, - деді төрағаның орынбасары.

Айта кетейік, бұған дейін Қорғаныс министрлігі әскери қызметтің беделін арттыру үшін жаңа сериал түсіріп жатқанын хабарлаған болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама