×

Өзбекстанда өтетін әлем чемпионатына 104 елдің боксшылары қатысады

Жүлде қоры - 5,2 млн АҚШ доллары 

 Дастан Жұмабекұлы 18.04.2023 | 11:52
фото: ашық дереккөз

Өзбекстанның астанасы – Ташкент қаласында 1-14 мамыр аралығында өтетін бокстан ерлер арасындағы әлем чемпионатына 104 елдің былғары қолғап шеберлері қатысады. Бұл туралы uz.sputniknews.ru хабарлады.

Чемпионатқа барлығы 13 салмақ дәрежесінде 104 мемлекеттен 640 боксшы тіркеліп отыр. Тіркеу 14 сәуірде аяқталды.

Олардың арасында әлемнің соңғы 7 әлем чемпионы бар. Сәкен Бибосынов (51 келіге дейін, Қазақстан), Томоя Цубои (54 келіге дейін, Жапония), Софиян Омиха (60 келіге дейін, Франция), Севон Окадзава (67 келіге дейін, Жапония), Еонлис Эрнандес (75 келіге дейін, Куба), Лорен Алфонсо (86 келіге дейін, Әзербайжан) мен Хулио Ла Круз (92 келіге дейін,Куба) шаршы алаңға шығады.

Әлем чемпионатының жүлде қоры да белгілі болды. Жүлдеге 5,2 млн АҚШ доллары тігіліп отыр. Әлем чемпионы атағын жеңіп алған боксшы 200 мың доллар алса, күміс медаль иегеріне 100 мың доллар, қола жүлдегерге 50 мың доллар тапсырылады.

Жарыс 30 сәуірде салтанатты жағдайда ашылады. Бірінші жекпе-жектер 1 мамыр күні өтеді. Ал финалдық айқастар 13-14 мамырға белгіленген.  

Серіктес жаңалықтары

Сараптама