×

Бибісара Асаубаева шахматтан төрт дүркін әлем чемпионын ұтты

Қазақстан мен әлем құрамаларының матчы 19 сәуірге дейін рапид және блиц түрлері бойынша өтеді

 Дастан Жұмабекұлы 18.04.2023 | 11:24
фото: ашық дереккөз

Шахматшы Бибісара Асаубаева Қазақстан мен әлем құрамаларының бірінші матчында шахматтан төрт дүркін әлем чемпионы, қытайлық Хоу Ифанды ұтты.

Айта кетсек, Бибісара Асаубаева 2021 жылы шахмат тарихында блицтен ең жас чемпион атанып, Гиннестің рекордтар кітабына енген. Ол былтыр блиц бойынша екі дүркін әлем чемпионы атанды. Ал биыл Үндістанның Дели қаласында өткен Гран-при турниріне қатысты.

Қазақстан мен әлем құрамаларының матчы 19 сәуірге дейін рапид және блиц түрлері бойынша өтеді.

Ұлттық команданы гроссмейстер Гүлмира Дәулетова, әлем құрамасын гроссмейстер Дана Рейзниеце-Озола бастап отыр. Бұл матчқа әр командадан 8 шахматшы қатысуда.

Қазақстан атынан Бибісара Асаубаева, Жансая Әбдімәлік, Динара Сәдуақасова, Меруерт Камалиденова, Лия Құрманғалиева, Ксения Балабаева, Алуа Нұрманова, Зарина Нұрғалиева ойнайды.

Қазақстан құрамасына қарсы қытайлық шахматшы, төрт дүркін әлем чемпионы және FIDE рейтингінде №1 шахматшы, 29 жастағы Хоу Ифан, Нана Загнидзе (Грузия), Харика Дрюнавалли (Үндістан), Гюнай Мамезаде (Әзербайжан), Нургюль Салимова (Болгария), Жока Гаал (Венгрия), Шри Б. Савита (Үндістан) мен Афруза Хамдамова (Өзбекстан) бақ сынайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама