×

Қазақстанның бірқатар елдегі елшілері тағайындалды

Мемлекет басшысы тиісті Жарлықтарға қол қойды

 Динара Амантай 18.04.2023 | 10:10
Фото: t.me/zakonkz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше дипломатиялық тағайындаулар жасады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Әлім Дәуренұлы Байел Қазақстан Республикасының Әзербайжан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды.

Сонымен бірге Қазақстан Республикасының Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігіндегі Төтенше және өкілетті елшісі Мағжан Жанботаұлы Ілиясов Қазақстан Республикасының Исландиядағы, Ирландиядағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.

Сондай-ақ Қазақстан Республикасының Швейцария Конфедерациясындағы Төтенше және өкілетті елшісі Қайрат Асаниязұлы Саржанов Қазақстан Республикасының Лихтенштейн Князьдігіндегі, Ватикан мемлекетіндегі және Иерусалим, Родос, Мальта Қасиетті Иоаннының Егеменді Әскери Госпитальерлер Орденінің жанындағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама