×

Жетісу облысында 36 шенеунік жауапкершілікке тартылды

Прокуратура 2,6 млрд теңге сомаға мемлекеттік сатып алуды тоқтатты

 Динара Амантай 17.04.2023 | 16:58
Фото: tobolinfo.kz

Жетісу облысында 36 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Жетісу облысының прокуратурасымен 2,6 млрд теңге сомаға сатып алу тоқтатылды. Сондай-ақ бір көзден 85 млн теңге сомаға сатып алуды жүргізуге жол берілмеген.

Мемлекеттік органдар тарапынан жіберілген негізгі бұзушылықтар біліктілік талаптарын асыра бағалау, сараптамасыз жұмыстар жүргізу (ол міндетті болған жерде), сатып алынатын тауарлардың атауын көрсету және т.б. фактілер болды.

Жоғарыда көрсетілген бұзушылықтар үшін мемлекеттік органдардың 36 лауазымды тұлғасы 5,7 млн теңгеге әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұған қоса тәртіптік жауапкершілікке 7 лауазымды тұлға тартылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама