×

Алматыда арнайы жасақ танымал блогерді ұстады (ВИДЕО)

Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр

 Дәурен Ерболат 17.04.2023 | 14:48
Фото: polisia.kz

Алматыдағы түнгі клубтардың бірінде танымал блогер есірткімен ұсталды, деп хабарлады Polisia.kz.

Өткен демалыс күндері Медеу ауданындағы барлардың бірінде полицияның арнайы жасағы мен Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының (ЕҚҚКБ) жедел қызметкерлері операция жүргізді. Оны қалалық прокуратура «Есірткі бизнесімен күрес» жобасы аясында үйлестірді.

Түнгі сағат 2-де түнгі клубта 19 жастағы Т. атты азамат ұсталды. Күдіктінің шалбарының оң қалтасынан көк изолентаға оралған 3 бума табылды. Оның синтетикалық есірткі – мефедрон екені анықталды. Оған сот-химиялық сараптамасы тағайындалды.

Жігіт Қылмыстық-процестік кодекстің 128-бабына сәйкес уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу Қылмыстық кодекстің 297-бабы 1-бөлігі бойынша жүргізіліп жатыр», – деді Алматы қаласы ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының басшысы Ерлан Әлмағамбетов.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес басқа ақпарат жарияланбайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама