×

Украинаның қарсы шабуылы жақындап қалды

Ресейдің 1 млрд доллардан асатын радиоэлектронды күрес жүйелері жойылып кетті

 Дастан Жұмабекұлы 17.04.2023 | 12:49
фото: ашық дереккөз

Украина әскерінің Ресей армиясына қарсы шабуылды бастайтын уақыты жақындап келеді. Бұл туралы rast.kz хабарлады.

Осы күндері Украина Қарулы күштерінің ресейлік радиолокациялық және радиоэлектронды күрес жүйелеріне мақсатты түрде соққы беріп, жаппай жойып жатыр.  

Қолда бар дерекке қарағанда, украин әскері соңғы күндері Ресейдің жалпы құны 1 млрд доллардан асатын радиоэлектронды күрес жүйелерін жойып жіберген.

Украина премьер-министрі Денис Шмыгальдың айтуынша, Қарулы күштердің қарсы шабуылы басталатын уақыт өте жақын қалды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама