×

Абай облысында делдалдар айран бағасын қымбаттатқан

ҚМА тұтынушылар үшін өнім құнын 13,1% төмендетті

 Динара Амантай 17.04.2023 | 11:52
Фото: grodno24.com

ҚМА Абай облысы бойынша департаменті ӘМАТ тізбесіне кіретін «Эмиль» өнімдерінің 1литр көлеміндегі майлылығы 2,5%, жұмсақ каптамадағы айран бағасының шекті сауда үстемесінің асып кету фактісін анықтады, деп хабарлады Halyq uni тілшісі.

Агенттік өкілдерінің мәліметінше, «ЭМТрейд» ЖШС-ның айранды «Эмиль» ЖШС-дан 328 теңге бағасымен сатып алатыны анықталды және кейін оны 398 теңгеден бастап, 442 теңгеге дейінгі бағамен (сауда үстемесінің асып кетуі 21,52%-дан 34,88%-ға дейін) сатқан. Осылайша, бағаның өсуі өнімсіз делдал-дистрибьютордың сауда үстемесінің 15%-дан асып кетуіне байланысты пайда болды. Департамент пен Абай облысы әкімдігінің бірлескен жұмыс нәтижесінде тұтынушылар үшін айран құнын 13,1% (570 теңгеден 495 теңгеге дейін) азайтуға қол жеткізілді.

Қаржылық мониторинг агенттігі өндірушілер мен дистрибьюторлардың «ҚР сауда қызметін реттеу туралы» Заңының нормаларын сақтау міндетін тағы да еске салады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама