×

Жаңаөзендегі жарылысқа қатысты тың дерек шықты

Қайғылы оқиғаның себебі анықталып жатыр

 Дәурен Ерболат 17.04.2023 | 10:15
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Маңғыстау облысындағы жарылыстан 1 адам көз жұмды. Бұл туралы облыс әкімі Нұрлан Ноғаев айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

17 сәуірде таңғы сағат 05:04-те Жаңаөзенде екі қабатты (2 кіреберіс, 12 пәтер) үйде жарылыс болды. Болжам бойынша газ қоспасы жарылып, кіреберістің 150 ш.м. аумағы құлаған. Сағат 08:30-да үйінді астынан 6 адам шығарылды. 08:30-ға дейін 13 адам зардап шекті. Оның ішінде 1 мәйіт табылды, 5 адам ауруханаға жатқызылды, 7 адам үйіне шығарылды. Жарылыс салдарынан 3 пәтер зардап шекті, - деді облыс әкімі.

Оның айтуынша, бүгінде тұрғын үй газдан ажыратылған. 

«Жарылыс болған жерден қоқыстар шығыралып жатыр. (Жарылыстың) себебі анықталуда. ТЖД жедел штабы мен сенім телефонын іске қосты», - деді Нұрлан Ноғаев.

Қазір өңір басшысы үйінділерді шығару жұмыстарын үйлестіруге кіріскен.

Оқиға орнында ТЖД күштері (1 түсіру тобы, 9 техника), жергілікті атқарушы органдар (13 адам және 6 техника), СМП (12 адам және 6 техника), ДП (150 жеке құрам және 10 техника) ІІМ Ұлттық ұлан (60 әскери қызметкер және 2 техника) жұмыс істеп жатыр.

Еске сала кетсек, кеше Жаңаөзенде жарылыс болып, 11 адам зардап шеккен еді. Содан кейін жедел штабтың құрылғаны хабарланды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама